Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 августа 2023 года № 322 «Об утверждении Правил кредитования проектов в сфере агропромышленного комплекса»

Бұйрық · № 332 · қабылданған 30.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2023-no-322-ekb-201226/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 августа 2023 года № 322 «Об утверждении Правил кредитования проектов в сфере агропромышленного комплекса» Қолданыста Бұйрық ·№ 332 ·30.09.2024
30.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 августа 2023 года № 322 «Об утверждении Правил кредитования проектов в сфере агропромышленного комплекса»

Қолданыста Бұйрық ·№ 332 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 августа 2023 года № 322 «Об утверждении Правил кредитования проектов в сфере агропромышленного комплекса»
Атауы (қаз.)
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
332
Қабылданған күні
30.09.2024
Көрсетілген редакция
30.09.2024 201226_722448.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035186
ЭКБ идентификаторы
201226
Редакция идентификаторы
201226_722448
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:25

0 «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларында:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру:
тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап);
етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);
көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын;
ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу кәсіпорындарын;
қуаттылығы жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық болатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын;
өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып, тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын;
осы Қағидалар шеңберіндегі АӨК саласындағы жобалар бойынша буып-түю материалдарын өндіру кәсіпорындарын;
құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;
қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі)
қой фермаларын (5000 бастан бастап);»;
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру:
тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап);
етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);
көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын;
ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу кәсіпорындарын;
қуаттылығы жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық болатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын;
өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып, тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын;
осы Қағидалар шеңберіндегі АӨК саласындағы жобалар бойынша буып-түю материалдарын өндіру кәсіпорындарын;
құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;
қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);
қой фермаларын (5000 бастан бастап);».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы