О внесении изменений в постановление акимата области Абай от 31 марта 2023 года № 66 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в области Абай»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата области Абай от 31 марта 2023 года № 66 «Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в области Абай»
- Атауы (қаз.)
- Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 66 «Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер еңгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 162
- Қабылданған күні
- 26.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2024 200187_717655.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24F0031818
- ЭКБ идентификаторы
- 200187
- Редакция идентификаторы
- 200187_717655
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:57
0 Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 66 «Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер еңгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37-18 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Абай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Әкімдіктің осы қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Абай облысы әкімдігінің
2024 жылғы 26 тамыздағы
№ 162 қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы «31» наурыздағы
№ 66 қаулысымен
бекітілген
Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің
түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Көтермелеудiң түрлерi
1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері:
1 1) Құрмет грамотасы;
2 2) Алғыс хат;
3 Көтермелеудің тәртібі
3) Ақшалай сыйақы.
Көтермелеудің тәртібі
2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Абай облысы әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
3
3. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда және жолын кесуде белсенді қолдау көрсеткен азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Полиция департаменті) ұсынады. Сол азамат наградтауға тоқсан ішінде бір реттен артық ұсыныла алмайды.
4 4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады, оның отырыстары тоқсан сайын және тиісті тоқсанның соңғы айының соңғы онкүндігінде өткізіледі.
5 5. Комиссия жеті адамнан тұрады:
Абай облысы әкімі аппараты басшысының құқық қорғау органдарымен өзара іс – қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары – комиссия төрағасы;
Абай облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы – комиссия төрағасының орынбасары;
Абай облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімі басшысы – комиссия мүшесі;
Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы – комиссия мүшесі;
Абай облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы – комиссия мүшесі;
Абай облысы қаржы басқармасының басшысы – комиссия мүшесі;
Абай облысы мәслихатының депутаты – комиссия мүшесі.
6 6. Комиссия отырысы төрағамен бірге оның жұмысына кемінде төрт адам қатысқан кезде заңды болып танылады. Шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешім комиссия төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
7 7. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
8 8. Комиссия отырысының хаттамасына отырыстан кейін үш күн ішінде қол қойылады.
9 9. Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге ықпал еткен азаматтарды көтермелеу хаттамаға қол қойылғаннан кейін бір ай ішінде жүргізіледі.
10 Ақшалай сыйақының мөлшерi
10. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшін азаматтарға құрмет грамотасын, алғыс хатты, ақшалай сыйақы беруді Полиция департаменті салтанатты түрде жүзеге асырады.
Ақшалай сыйақының мөлшерi