Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Уилского районного маслихата Актюбинской области от 31 августа 2023 года № 76 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Уилском районе»

Ереже · № 151 · қабылданған 13.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2023-no-76-ekb-197902/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Уилского районного маслихата Актюбинской области от 31 августа 2023 года № 76 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Уилском районе» Қолданыста Ереже ·№ 151 ·13.06.2024
13.06.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Уилского районного маслихата Актюбинской области от 31 августа 2023 года № 76 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Уилском районе»

Қолданыста Ереже ·№ 151 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Уилского районного маслихата Актюбинской области от 31 августа 2023 года № 76 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Уилском районе»
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 76 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
151
Қабылданған күні
13.06.2024
Көрсетілген редакция
13.06.2024 197902_706917.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24CK859504
ЭКБ идентификаторы
197902
Редакция идентификаторы
197902_706917
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:06

0 Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 76 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 76 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8395 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2–тармақтың 1), 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай–ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;»;
9- тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) амбулаторлық емдеудегі онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға және туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға – «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ойыл аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынатын тізімдеріне сәйкес ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
12 -тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы