О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 31 июля 2024 года № 8С-28-2 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жаксынском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 31 июля 2024 года № 8С-28-2 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жаксынском районе»
- Атауы (қаз.)
- Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8С-59-3
- Қабылданған күні
- 12.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 28.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2026 I228870_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V26BM039582
- ЭКБ идентификаторы
- 228870
- Редакция идентификаторы
- I228870_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.08.2026 03:31
0 Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2 «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 31 шілдедегі № 8С-28-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8810-03 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында айқындалған Жақсы ауданында тұргын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Жақсы ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Жақсы ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары
Жақсы аудандық мәслихатының
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 8С-28-2 шешіміне
қосымша
Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Жақсы ауданында тұратындарға:
ағымдағы және жинақтаушы жарналар;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі көрсетілетін қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес есептеледі.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.
5. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі мен коммуналдық қызметтерінің өткен тоқсандағы шығындары есепке алынады.
7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.