Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 31 марта 2025 года № 105 «Об утверждении Правил постановки на учет нуждающихся в жилище лиц и предоставления жилища из жилищного фонда государственных учреждений и государственных предприятий»

Бұйрық · № 457 · қабылданған 15.09.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2025-no-105-ekb-230081/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 31 марта 2025 года № 105 «Об утверждении Правил постановки на учет нуждающихся в жилище лиц и предоставления жилища из жилищного фонда государственных учреждений и государственных предприятий» Қолданыста 15.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 31 марта 2025 года № 105 «Об утверждении Правил постановки на учет нуждающихся в жилище лиц и предоставления жилища из жилищного фонда государственных учреждений и государственных предприятий»

Қолданыста Бұйрық № 457 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 31 марта 2025 года № 105 «Об утверждении Правил постановки на учет нуждающихся в жилище лиц и предоставления жилища из жилищного фонда государственных учреждений и государственных предприятий»
Атауы (қаз.)
«Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
457
Қабылданған күні
15.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
14.09.2026
Көрсетілген редакция
15.09.2026 I230081_0.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039886
ЭКБ идентификаторы
230081
Редакция идентификаторы
I230081_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:40
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35912 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларында:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы:
1) отбасының бірге тұратын барлық мүшелеріне тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы туралы мәліметтерді;
2) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан есепке қою үшін өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тиесілі тұрғын үйдің немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлесі болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді;
3) мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан есепке қою үшін өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде тиесілі тұрғын үйдің немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлесі болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді алады.»;
6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдан бас тарту негіздері мыналар болып табылады, егер:
1) олардың соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою кезінде осы елді мекенде меншік құқығына арналған тұрғынжайы немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлесі бар;
2) олардың соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою кезінде Қазақстан Республикасында меншік құқығына арналған тұрғынжайы немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлесі бар немесе болған жағдайда;
3) олардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген тұрғынжайы немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайы бар болса;
4) ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер дәйексіз деректерді қамтыған болса;
5) олар бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды алған және жекешелендірген;
6) олардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған, басқа елді мекенде орналасқан жалғыз тұрғынжайы болған;
7) олар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, меншігіне тұрғынжай сатып алған жағдайларда тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюдан бас тартылады.
7. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорында бос тұрғынжай болған кезде өтiнiш берушiлерге «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ротация, мемлекттік органды көшіру және басқа елді мекенге орын ауыстыру кезінде қызметтік тұрғын үй берілетін жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй пайдалануға кезектілік тәртібімен беріледі.»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы:
1) отбасының бірге тұратын барлық мүшелеріне тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы туралы мәліметтерді;
2) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан есепке қою үшін өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тиесілі тұрғын үйдің немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлесі болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді;
3) мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан есепке қою үшін өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде тиесілі тұрғын үйдің немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлесі болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді алады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден, егер тұрғын үй берілетін кезде өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан немесе Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан меншік құқығындағы тұрғын үйі бар немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлесі бар болған болса, Заңның 69-бабы 1-тармағының 2) немесе 3) тармақшаларына сәйкес бас тартылады.».

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Бұйрықтың 1-тармағының он сегізінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі