О внесении изменений в решение Павлодарского районного маслихата (32 внеочередная сессия, 5 созыв) от 25 апреля 2014 года № 32/242 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Павлодарского районного маслихата (32 внеочередная сессия, 5 созыв) от 25 апреля 2014 года № 32/242 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 32 кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 25 cәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 32/242 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28/151
- Қабылданған күні
- 21.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2020 119065_500972.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PK005880
- ЭКБ идентификаторы
- 119065
- Редакция идентификаторы
- 119065_500972
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:43
0 Павлодар аудандық мәслихатының
(5 сайланған 32 кезектен тыс сессиясы)
2014 жылғы 25 cәуірдегі
«Алушылардың жекелеген
санаттары үшін атаулы
күндер мен мереке күндеріне
әлеуметтік көмектің мөлшерлерін
белгілеу туралы» № 32/242 шешiмiне
өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 32 кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 25 cәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 32/242 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3780 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 мамырдағы «Заман тынысы», «Нива» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы үшінші, төртінші, тоғызыншы абзацтар келесі редакцияда жазылсын:
«зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын тұлғаларға, атап айтқанда:»;
«зейнеткерлік жасқа толған тұлғаларға 1,2 айлық есептік көрсеткіш (одан әрі - АЕК) мөлшерінде;»;
«мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге 2,4 АЕК мөлшерінде;».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысының әкімі
__________________Б. Бақауов
2018 жылғы «21» ақпан