О внесении изменения в решение 35 сессии Абайского районного маслихата от 19 ноября 2014 года № 35/370 «О предоставлении социальной помощи специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, на приобретение топлива»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение 35 сессии Абайского районного маслихата от 19 ноября 2014 года № 35/370 «О предоставлении социальной помощи специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, на приобретение топлива»
- Атауы (қаз.)
- Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы 35 сессиясының № 35/370 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерту енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 55/586
- Қабылданған күні
- 27.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2020 136546_448056.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KI005543
- ЭКБ идентификаторы
- 136546
- Редакция идентификаторы
- 136546_448056
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:39
0 Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы 35 сессиясының № 35/370 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы 35 сессиясының № 35/370 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2869 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсандағы № 51-52 (4054-4055) «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде, 2015 жылғы 8 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгерту енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда келесі мазмұнда баяндалсын:
«1. Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.».