О внесении изменения и дополнения в решение 35 сессии Темиртауского городского маслихата от 24 декабря 2014 года № 35/5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Темиртау и поселка Актау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение 35 сессии Темиртауского городского маслихата от 24 декабря 2014 года № 35/5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Темиртау и поселка Актау»
- Атауы (қаз.)
- Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының № 35/5 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37/4
- Қабылданған күні
- 01.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2024 129644_687868.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KC005228
- ЭКБ идентификаторы
- 129644
- Редакция идентификаторы
- 129644_687868
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:57
0 Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35
сессиясының № 35/5 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының № 35/5 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2938 болып тіркелген, 2015 жылдың 3 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2015 жылдың 4 ақпанында № 3 «Вести Темиртау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 1) 2-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«9) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
2 2) 6-тармақ келесі мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«2-1) Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;».