Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Экибастуз к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Өзге акт · № 119/15 · қабылданған 06.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/35-ekb-193200/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Экибастуз к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан Қолданыста Өзге акт ·№ 119/15 ·06.02.2024
06.02.2024 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Экибастуз к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Қолданыста Өзге акт ·№ 119/15 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Экибастуз к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан
Атауы (қаз.)
Екібастұз қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне 35 жыл толуына арналған қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
119/15
Қабылданған күні
06.02.2024
Көрсетілген редакция
06.02.2024 193200_683459.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24PC747514
ЭКБ идентификаторы
193200
Редакция идентификаторы
193200_683459
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:19

0 Екібастұз қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне 35 жыл толуына арналған қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне 2024 жылғы 15 ақпанда 35 жыл толуына алушылардың өтініштерін талап етпей, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде келесі санаттарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Павлодар облысының әкімдігі
________________ А. Байханов
2024 жылғы «____» ___________

Қолданыстағы