Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Тереңкөл к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Тереңкөл к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан
- Атауы (қаз.)
- Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудын 35 жылдығына орай Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/14
- Қабылданған күні
- 02.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2024 193201_683468.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24PH747614
- ЭКБ идентификаторы
- 193201
- Редакция идентификаторы
- 193201_683468
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:20
0 Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің
шектеулі контингентін шығарудын 35 жылдығына орай
Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына
қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35 жылдығына орай 2024 жылғы 15 ақпанда, алушылардың өтініштерін талап етпей, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде келесі санаттарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Павлодар облысының әкімдігі
_________________ А. Байханов
2024 жылғы «___» ____________