Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Актобе к 35–летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Өзге акт · № 143 · қабылданған 08.02.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/35-ekb-193257/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Актобе к 35–летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан Күшін жойған Өзге акт ·№ 143 ·08.02.2024
03.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Актобе к 35–летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 143 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Актобе к 35–летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан
Атауы (қаз.)
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Ақтөбе қаласының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
143
Қабылданған күні
08.02.2024
Көрсетілген редакция
03.04.2024 193257_695077.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24CA008503
ЭКБ идентификаторы
193257
Редакция идентификаторы
193257_695077
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:17

0 Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Ақтөбе қаласының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығаруының 35-жылдығына (15 ақпан 2024 жыл) орай Ақтөбе қаласында тiркелген және тұрақты тұратын келесі санаттағы азаматтарға 50 (елу) мың теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

2 2) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

3 3) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

4 4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

5

5) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер;

6 6) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;

7 7) 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер.

2

2. Әлеуметтік көмек «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен алушылардан өтініштер талап етілмей «Азаматтарға арналға үкімет» Мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының тізімдеріне сәйкес көрсетіледі.

3 3. Ақтөбе қаласының жергілікті бюджеті қаржыландыру көзі болып анықталсын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы