Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Павлодарского района к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Өзге акт · № 14/132 · қабылданған 07.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/35-ekb-193262/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Павлодарского района к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан Қолданыста Өзге акт ·№ 14/132 ·07.02.2024
07.02.2024 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Павлодарского района к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Қолданыста Өзге акт ·№ 14/132 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Павлодарского района к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан
Атауы (қаз.)
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35-жылдығына орай Павлодар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14/132
Қабылданған күні
07.02.2024
Көрсетілген редакция
07.02.2024 193262_683749.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24PK748114
ЭКБ идентификаторы
193262
Редакция идентификаторы
193262_683749
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:18

0 Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35-жылдығына орай Павлодар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына

қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35-жылдығына орай Павлодар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына - 2024 жылғы 15 ақпанда алушылардан өтініштер талап етпей, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде келесі санаттарға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:
Павлодар облысының әкімдігі
_____________А. Байханов
2024 жылғы «___» ____________

Қолданыстағы