Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Железинского района к 35 - летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Өзге акт · № 93/8 · қабылданған 15.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/35-ekb-193570/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Железинского района к 35 - летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан Қолданыста Өзге акт ·№ 93/8 ·15.02.2024
15.02.2024 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Железинского района к 35 - летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Қолданыста Өзге акт ·№ 93/8 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Железинского района к 35 - летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан
Атауы (қаз.)
Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарудың 35 жылдығына орай Железин ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
93/8
Қабылданған күні
15.02.2024
Көрсетілген редакция
15.02.2024 193570_685236.kaz
Соңғы өзгеріс
15.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24PF748514
ЭКБ идентификаторы
193570
Редакция идентификаторы
193570_685236
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:10

0 Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарудың
35 жылдығына орай Железин ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік
көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарудың 35 жылдығына орай - 2024 жылғы 15 ақпанда уәкілетті ұйымның тізімі негізінде алушылардан өтініштерді талап етпей, мынадай санаттарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезенде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Павлодар облысының әкімдігі
_____________А.Байханов
2024 жылғы «___»________

Қолданыстағы