Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Баянаульского района к 35 летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Өзге акт · № 118/15 · қабылданған 13.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/35-ekb-193708/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Баянаульского района к 35 летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан Қолданыста Өзге акт ·№ 118/15 ·13.02.2024
13.02.2024 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Баянаульского района к 35 летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Қолданыста Өзге акт ·№ 118/15 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Баянаульского района к 35 летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан
Атауы (қаз.)
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35 жылдығына орай Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
118/15
Қабылданған күні
13.02.2024
Көрсетілген редакция
13.02.2024 193708_686067.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24PE749014
ЭКБ идентификаторы
193708
Редакция идентификаторы
193708_686067
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:13

0 Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35 жылдығына орай Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35 жылдығына орай 2024 жылғы 15 ақпанда алушылардың өтініштерін талап етпей, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға) тізімі негізінде келесі санаттарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Павлодар облысының әкімдігі
_______________ А. Байханов
2024 жылғы «___» __________

Қолданыстағы