Құжат мәтініне өту

Об установлении размера дополнительной социальной помощи отдельным категориям граждан Бейнеуского района к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Өзге акт · № 14/120 · қабылданған 26.03.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/35-ekb-194881/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об установлении размера дополнительной социальной помощи отдельным категориям граждан Бейнеуского района к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан Күшін жойған Өзге акт ·№ 14/120 ·26.03.2024
11.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера дополнительной социальной помощи отдельным категориям граждан Бейнеуского района к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 14/120 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера дополнительной социальной помощи отдельным категориям граждан Бейнеуского района к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан
Атауы (қаз.)
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Бейнеу ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14/120
Қабылданған күні
26.03.2024
Көрсетілген редакция
11.10.2024 194881_723965.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24MC467912
ЭКБ идентификаторы
194881
Редакция идентификаторы
194881_723965
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:27

0 Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Бейнеу ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Бейнеу ауданы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына 50 (елу) мың теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек белгіленсін:

1 1) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;

2 2) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;

3 3) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі- КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;

4 4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне;

5 5) Ауғанстанда әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге;

6 6) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

7 7) 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге.

2 2. Әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей, бір рет көрсетіледі.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесі

Қолданыстағы