Об установлении размера дополнительной социальной помощи отдельным категориям граждан Мангистауского района к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 11/82
·
30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера дополнительной социальной помощи отдельным категориям граждан Мангистауского района к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан
- Атауы (қаз.)
- Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Маңғыстау ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11/82
- Қабылданған күні
- 16.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2024 195767_732276.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24ME469712
- ЭКБ идентификаторы
- 195767
- Редакция идентификаторы
- 195767_732276
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:00
0 Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Маңғыстау ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Маңғыстау ауданы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына 50 (елу) мың теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек белгіленсін:
1 1) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;
2 2) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;
3 3) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі- КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;
4 4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне;
5 5) Ауғанстанда әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге;
6 6) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
7 7) 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге.
2 2. Әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей, бір рет көрсетіледі.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесі