Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Майского района к 35 летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Өзге акт · № 1/13 · қабылданған 25.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/35-ekb-196442/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Майского района к 35 летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан Қолданыста Өзге акт ·№ 1/13 ·25.04.2024
25.04.2024 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Майского района к 35 летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Қолданыста Өзге акт ·№ 1/13 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Майского района к 35 летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан
Атауы (қаз.)
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35 жылдығына орай Май ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1/13
Қабылданған күні
25.04.2024
Көрсетілген редакция
25.04.2024 196442_698910.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24PJ753714
ЭКБ идентификаторы
196442
Редакция идентификаторы
196442_698910
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:47

0 Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35 жылдығына орай Май ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35 жылдығына орай алушылардың өтініштерін талап етпей, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тізімі негізінде келесі санаттарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Павлодар облысының әкімдігі
________________ А. Байханов
2024 жылғы «__» ____________

Қолданыстағы