Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы протоки реки Ульба «Комендантка» в створе земельного участка, расположенного по проспекту Н. Назарбаева, 36 нежилое помещение 24 в городе Усть-Каменогорск Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы протоки реки Ульба «Комендантка» в створе земельного участка, расположенного по проспекту Н. Назарбаева, 36 нежилое помещение 24 в городе Усть-Каменогорск Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Н. Назарбаев даңғылы, 36 орналасқан 24 тұрғын емес үй-жай жер учаскесі тұстамасындағы Үлбі өзенінің «Комендантка» ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 378
- Қабылданған күні
- 26.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 26.10.2020 147901_491542.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20V0007729
- ЭКБ идентификаторы
- 147901
- Редакция идентификаторы
- 147901_491542
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:09
0 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Н. Назарбаев даңғылы, 36 орналасқан 24 тұрғын емес үй-жай жер учаскесі тұстамасындағы Үлбі өзенінің «Комендантка» ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының
8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Н. Назарбаев даңғылы, 36 орналасқан 24 тұрғын емес үй-жай жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 05-085-051-199) тұстамасындағы Үлбі өзенінің «Комендантка» ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Н. Назарбаев даңғылы, 36 орналасқан 24 тұрғын емес үй-жай жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 05-085-051-199) тұстамасындағы Үлбі өзенінің «Комендантка» ағысының су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2020 жылғы «___»_______________
11 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Н. Назарбаев даңғылы, 36 орналасқан 24 тұрғын емес үй-жай жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 05-085-051-199) тұстамасындағы Үлбі өзенінің «Комендантка» ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы 26 қазаны
№ 378 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Н. Назарбаев даңғылы, 36 орналасқан 24 тұрғын емес үй-жай жер учаскесі (кадастрлық нөмірі 05-085-051-199) тұстамасындағы Үлбі өзенінің «Комендантка» ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Өскемен қаласындағы Н.Назарбаев даңғылы, 36 орналасқан 24 тұрғын емес үй-жай 05-085-051-199 жер учаскесі тұстамасындағы Үлбі өзенінің «Комендантка»саласы (оң жағалау)
0,024
1,1473
500
0,024
0,0920
35
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.