Құжат мәтініне өту

О реализации статей 36 и 52 Закона Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан"

Қаулы · № 73 · қабылданған 15.03.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/36-52/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О реализации статей 36 и 52 Закона Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 73 ·15.03.2004
08.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реализации статей 36 и 52 Закона Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 73 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации статей 36 и 52 Закона Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 36 және 52-баптарын іске асыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
73
Қабылданған күні
15.03.2004
Көрсетілген редакция
08.08.2016 AI19502_4.kaz
Соңғы өзгеріс
08.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040002811_
ЭКБ идентификаторы
19502
Редакция идентификаторы
AI19502_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:21

0 Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 36 және 52-баптарын іске асыру туралы

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 36-бабының 1-2-тармақтарына және 52-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

1

1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының және қатысушылары Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың акцияларымен жасалатын мәмілелерді тіркеу осы мәмілені жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 36-бабының 1-2-тармақтарымен және 52-бабының 1-3-тармақтарымен бекітілген талаптарының бұзылмайтындығына куәлік ететін құжаттың болуы кезінде мәмілеге қатысушылардың екі қарама-қарсы бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады.

2 2. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 84 қаулысымен.

3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

4 4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күн мерзім ішінде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізуге құқылы брокер-дилерлерге, заңды тұлғалардың "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" бірлестігіне жіберсін.

5 5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

Қолданыстағы