Атасу кентіндегі ДЭУ-37 көшесіне Үмбетжан Абжановтың атын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Атасу кенті, ДЭУ-37 көшесі тұрғындарының 2010 жылғы 04 мамырдағы ДЭУ-37 көшесінің атауын өзгерту жөніндегі жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданының ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 31 мамырдағы ұйғарымын қарай келе, Атасу кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Атасу кентіндегі ДЭУ-37 көшесіне Үмбетжан Абжановтың атын беру туралы от 09.06.2010 г. № 01 (Атасу кентіндегі ДЭУ-37 көшесіне Үмбетжан Абжановтың атын беру туралы)
0
1
1. Жаңаарқа ауданы Атасу кентіндегі ДЭУ-37 көшесі бұдан былай "Еңбек Қызыл Ту" ордені иегері, Жаңаарқа өңіріне еңбегі сіңген Үмбетжан Абжановтың есімімен аталсын.
2
2. Атасу кенті әкімі аппаратының бас маманы Е. Жаппаркулов көшенің өзгертілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізу Атасу кенті әкімінің орынбасары Қуанышбеков Мейрам Наурызбайұлына жүктелсін.
4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енеді.