Салық кодексінің 394, 491-2 баптары бойынша 2008 жылғы салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-II «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексін басшылыққа алып және аудандық әкімияттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №337 қаулысымен ұсынысына сәйкес Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Салық кодексінің 394, 491-2 баптары бойынша 2008 жылғы салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы от 21.12.2007 г. № III-2 (Салық кодексінің 394, 491-2 баптары бойынша 2008 жылғы салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы)
1. Аудан көлемінде сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы мөлшері жалғанған №1 қосымшаға сай бекітілсін.
2. Аудан көлемінде бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері №2 қосымшаға сай бекітілсін.
3. сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру жұмысын ұйымдастыру округ әкімдеріне тапсырылсын.
4. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Аудан әкімиятының 2007 жылғы
«21» желтоқсандағы №III-2
қаулысына қосымша №1
Қызылқоға ауданы бойынша 2008 жылғы сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы мөлшері
Р/с
Жарнама объектілерінің түрлері
Төлемақы ставкасы, жарнама объектілерін орналастырудың нақты мерзіміне сәйкес
1
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін таблолар, билбордтар, транспаранттар, жарнамалық афишалар (қабырғалық, төбе қондырғылары) 10 шаршы метр көлеміне дейінгі
1 айлық есептік көрсеткіш
2
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін таблолар, билбордтар, транспаранттар, жарнамалық афишалар (қабырғалық, төбе қондырғылары) 10 шаршы метр көлемінен 20 шаршы метр көлеміне дейінгі
2 айлық есептік көрсеткіштер
3
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін таблолар, билбордтар, транспаранттар, жарнамалық афишалар (қабырғалық, төбе қондырғылары) 20 шаршы метр көлемінен 50 шаршы метр көлемінедейінгі
3 айлық есептік көрсеткіштер
4
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін таблолар, билбордтар, транспаранттар, жарнамалық афишалар (қабырғалық, төбе қондырғылары) 50 шаршы метр көлемінен 70 шаршы метр көлемінедейінгі
4 айлық есептік көрсеткіш
5
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін таблолар, билбордтар, транспаранттар, жарнамалық афишалар (қабырғалық, төбе қондырғылары) 70 шаршы метр көлемінен жоғары
5 айлық есептік көрсеткіш
Аудан әкімиятының 2007 жылғы
«21» желтоқсандағы №III-2
қаулысына қосымша №2
Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері
(теңгемен)
Рет саны
Салық салу объектісі
ҚР Үкіметінің №1016 23.10.2006 жылғы қаулысына бекіткен жиынтық салық ставкасы (АЕК)
Жиынтық салық ставкасы (АЕК)
1
Ойын өткізу үшін (ұтысы жоқ) қолданылатын жеке компьютер үшін
10-50
10
2
Боулинг (әрбір ойын жолы үшін)
55-1000
100
3
Карт (картинг үшін)
21-150
40
4
Бильярд столы (1 столға)
30-300
35
Салық кодексінің 394, 491-2 баптары бойынша 2008 жылғы салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-II «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексін басшылыққа алып аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан көлемінде сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы мөлшері жалғанған №1 қосымшаға сай бекітілсін.
2. Аудан көлемінде бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері №2 қосымшаға сай бекітілсін.
3. Сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру жұмысын ұйымдастыру округ әкімдеріне тапсырылсын.
4. Осы қаулы мақұлданып, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Дүзбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.