Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 января 1994 г. N 15

Қаулы · № 257 · қабылданған 28.02.1996
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-1994-n-15/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 января 1994 г. N 15 Күшін жойған 27.09.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 января 1994 г. N 15

Күшін жойған Қаулы № 257 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 января 1994 г. N 15
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 15 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
257
Қабылданған күні
28.02.1996
Көрсетілген редакция
27.09.1999 AI3117_1.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P960000257_
ЭКБ идентификаторы
3117
Редакция идентификаторы
AI3117_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:25
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 15 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.28. № 1462 қаулысымен
"Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 қарашадағы N 2606 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Әскери қызметшiлердiң, әскери жиынға шақырылған азаматтардың, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының жеке өзiн мемлекеттiк сақтандыру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 15 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 1, 6-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
3-тармақта:
"а)" тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң он жылдық ең төменгi жалақысының сомасы" деген сөздер "республикалық бюджетте жыл сайын есептi белгiленетiн есептi көрсеткiшiнiң 500 еселенген шамасына тең мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ә)" тармақшасында:
екiншi абзацтағы "ең төменгi жалақысының бес жылдық сомасы" деген сөздер "республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн есептi көрсеткiшiнiң 250 еселенген шамасына тең мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацтағы "ең төменгi жалақысының үш жылдық сомасы" деген сөздер "республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн есептi көрсеткiшiнiң 150 еселенген шамасына тең мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзацтағы "ең төменгi жалақысының бiр жылдық сомасы" деген сөздер "республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн есептi көрсеткiшiнiң 50 еселенген шамасына тең мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"б)" тармақшасындағы "ең төменгi жалақысының үш айлық сомасы", "ең төменгi жалақысының бiр айлық сомасы" деген сөздер "республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн есептi көрсеткiшiнiң 12 еселенген шамасына тең мөлшерде", "республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн есептi көрсеткiшiнiң 4 еселенген шамасына тең мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын.