О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 1998 года № 840 "Об утверждении Правил о порядке уплаты и ставках сборов за право реализации товаров (работ, услуг) на рынках Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 1998 года № 840 "Об утверждении Правил о порядке уплаты и ставках сборов за право реализации товаров (работ, услуг) на рынках Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 840 Қаулысын жүзеге асыру туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10-288
- Қабылданған күні
- 05.10.1998
- Көрсетілген редакция
- 05.10.1998 6209_260287.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.10.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001226
- ЭКБ идентификаторы
- 6209
- Редакция идентификаторы
- 6209_260287
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:31
0 Қазақстан Республикасы базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 840 Қаулысын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-95 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы 1995 ж., N 6, 43 бабы) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 840 "Қазақстан Республикасы базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы" ережені бекіту туралы Қаулысына сәйкес облыс Әкімі шешім қабылдады:
1. Алматы облысының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін алымның ставкалары бекітілсін (қосымша 1)
2. Өнеркәсіп және сауда басқармасы (Ш.М. Мажіденов), санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы (А.К. Талкимбаев), салық комитеті (М.А.Сатқалиев) 1998 жылғы 1 қарашаға дейін базарлардағы сауда ережелеріне және оларға қойылатын санитарлық талаптарға сәйкес базарлардың санаттарын айқындасын.
3. Аудан (қала) әкімдеріне:
- фискальды зердесі бар бақылау - касса аппараттарын қолданбастан алым ақыны алуға тыйым салынсын;
- салық қызметімен, өкілетті органдар арқылы немесе базар әкімшілігімен бірлесе отырып, бюджетке тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін алымның толық және дер кезінде түсуін қамтамасыз етсін.
4. Өнеркәсіп және сауда басқармасы (Ш.М. Мәжіденов), санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен (А.К. Талкимбаев), базарларда сауда жасаудың және оларға қойылатын санитарлық талаптардың ережелері сақталуын бақылауды күшейту бекітілсін.
5. Облыстық салық комитеті (М. Сатқалиев) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін алымақы сомасының бюджетке толық және уақытында төленуін бақылауды күшейтсін.
6. Облыстық қазынашылық басқармасы (С.Т. Жақыпбеков) базарларда тауарлар сату құқығы үшін алымның әрбір базар бойынша түсуін есепке алуды қамтамасыз етсін және осы қаржының түсуі туралы мәліметті жұма сайын экономика басқармасына, облыстық қаржы басқармасына тапсырып отырсын.
7. Облыс Әкімінің 1998 жылғы 18 тамыздағы N 253, 1998 жылғы 26 тамыздағы N 265 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковпен облыс Әкімінің орынбасары А.К. Кәрімоллинге жүктелсін.
9 Облыс Әкімінің 1998 жылғы
06 қазандағы N 10-288
шешіміне қосымша
Алматы облысы бойынша тауарларды (жұмыстарды,
қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін
алымның ставкалары
📌 Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - Алматы облысы Әкімінің 1998 жылғы 08 желтоқсандағы N 12-330 шешімімен .