Құжат мәтініне өту

Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение о порядке транзита через территории государств – участников Содружества Независимых Государств от 4 июня 1999 года

Қаулы · № 52 · қабылданған 12.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-1999-ekb-139525/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение о порядке транзита через территории государств – участников Содружества Независимых Государств от 4 июня 1999 года Қолданыста Қаулы ·№ 52 ·12.02.2020
12.02.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение о порядке транзита через территории государств – участников Содружества Независимых Государств от 4 июня 1999 года

Қолданыста Қаулы ·№ 52 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение о порядке транзита через территории государств – участников Содружества Независимых Государств от 4 июня 1999 года
Атауы (қаз.)
1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін транзиттің тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
52
Қабылданған күні
12.02.2020
Көрсетілген редакция
12.02.2020 139525_444232.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000052
ЭКБ идентификаторы
139525
Редакция идентификаторы
139525_444232
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:02

0 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін транзиттің

тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттаманы бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы
30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін транзиттің тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 31 мамырда Ашғабадта жасалған хаттама бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады

0 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтететін транзиттің тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтететін транзиттің тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері Келісімнің 10-бабына сәйкес
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1. Кіріспенің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1993 жылғы 24 қыркүйектегi Экономикалық одақ құру туралы шарттың, 1995 жылғы

10 ақпандағы Достастық мемлекеттері Басшылары кеңесінің шешiмiмен қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кеден заңнамалары негiздерiнің, 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмнің және оған өзгерiстер мен толықтырулар туралы
1999 жылғы 2 сәуiрдегi хаттаманың, 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Кеден iстерiндегi ынтымақтастық және өзара көмек туралы келiсiмнің және 2011 жылғы
18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып».

2 2. 3-баптың бесінші абзацындағы «Аталған» деген сөз «Осы Келісімнің

4-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, аталған» деген сөздермен ауыстырылсын.

3 3. 7-баптың «б» тармағындағы «хабарлауды» деген сөз «хабарлауды тапсырады.» деген сөздермен ауыстырылып, «в» тармағы алып тасталсын.

2 2-бап

Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама тиісті құжаттар депозитарийге тапсырылған күннен бастап күшіне енеді.
2019 жылғы 31 мамырда Ашғабад қаласында бір төлнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Қолданыстағы