О внесении изменений и дополнений в решение Акима города Алматы от 4 июня 1999 года N 501 "О специальном городском пособии"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Акима города Алматы от 4 июня 1999 года N 501 "О специальном городском пособии"
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылы 4 маусымдағы N 501 "Арнайы қалалық жәрдемақы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1/131
- Қабылданған күні
- 09.03.2005
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2013 23211_199175.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05R000645_
- ЭКБ идентификаторы
- 23211
- Редакция идентификаторы
- 23211_199175
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:03
0 Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылы 4 маусымдағы N 501 "Арнайы қалалық жәрдемақы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы" Заңының 37-ші бабына сәйкес және еңбек майданына қатысушыларына әлеуметтік қорғау шараларын ұлғайту мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 21 желтоқсандағы N 1229 шешіміне сәйкес енгізілген өзгерістерімен (Алматы қаласының Әділет департаментінде 25.01.2000 жылы реттік N 95 тіркелген, 2000 жылы ақпан айында "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 4 маусымдағы N 501 "Арнайы қалалық жәрдемақы туралы" (Алматы қаласының Әділет департаментінде 17.06.1999 жылы реттік N 63 тіркелген, 1999 жылы маусым айында "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
шешім мәтіні мен шешіммен бекітілген Ережедегі "Ереже" сөзі "Қағида" сөзімен алмастырылсын;
осы шешіммен бекітілген қағида мәтініндегі "еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау" сөздері "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" сөздерімен алмастырылсын;
Қағиданың 5-ші тармағындағы "созылмалы бүйрек аурулары бар І-ші топтағы мүгедектерден" сөздері "және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендері мен медальдерімен марапатталған тұлғалар, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кем дегенде алты ай жұмыс (қызмет) жасаған мемлекеттік наградалармен марапатталмаған тұлғалардан" сөздерімен толықтырылсын;
6-шы тармақ келесі мағынада 4-ші тармақшамен толықтырылсын:
- Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендері мен медальдерімен марапатталған тұлғалар, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кем дегенде алты ай жұмыс (қызмет) жасаған мемлекеттік наградалармен марапатталмаған тұлғалар.