Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2000 года N 353 и от 17 марта 2000 года N 412

Қаулы · № 1041 · қабылданған 09.07.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2000-n-353-17-2000-n-412/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2000 года N 353 и от 17 марта 2000 года N 412 Қолданыста 09.07.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2000 года N 353 и от 17 марта 2000 года N 412

Қолданыста Қаулы № 1041 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2000 года N 353 и от 17 марта 2000 года N 412
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2000 жылғы 4 наурыздағы N 353 және 2000 жылғы 17 наурыздағы N 412 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1041
Қабылданған күні
09.07.2000
Көрсетілген редакция
09.07.2000 AI6395_0.kaz
Соңғы өзгеріс
09.07.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001041_
ЭКБ идентификаторы
6395
Редакция идентификаторы
AI6395_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:22
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2000 жылғы 4 наурыздағы N 353 және 2000 жылғы 17 наурыздағы N 412 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Заттай нысанда роялти төлеу туралы және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 наурыздағы N 353 қаулысына:

кірiспе "көктемгi дала" деген сөздерден кейiн "және егiн жинау" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардағы құзыреттi орган ретiнде Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп:
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес көмiрсутектi шикiзатты жер қойнауын пайдаланушылардың роялти есептеу кезiнде, жер қойнауын пайдаланушылардың төлейтiн роялти есебiне шикi мұнай көлемiн "Мұнай-Импекс" ЭИФ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне (бұдан әрi - Мұнай-Импекс) берудi қамтамасыз етсiн;
жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiм бойынша Қосымша келiсiмдерде жер қойнауын пайдаланушылардың роялти төлеу есебiне шикi мұнай көлемiн беруге белгiленген келiсiм-шарттағы мерзiмдерден ерекше, неғұрлым ерте мерзiмдердi белгiлесiн";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеудi бүкiл жыл бойына заттай нысанда жүргiзсiн.";
2-тармақтағы:
"БДБ" деген сөз алынып тасталсын;
1)-тармақшадағы "Қосымша келiсiмнiң ережелерiне сәйкес" деген сөздер "кейiн олардың сатылуымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен Мұнай-Импекстiң бюджетке ақшалай түрде роялти төлемiнiң мерзiмiн 2000 жылғы 1 қарашаға дейiн ұзартуға рұқсат берсiн";
1) және 2)-тармақшалардағы "БДБ" деген сөз алынып тасталсын;
5-тармақтың 1)-тармақшасындағы "көктемгi дала" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне жанар-жағармай материалдарын сатудың бағаларын айқындауға арналған ведомствоаралық комиссиямен келiсiм бойынша көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
Мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегі агенттiгі жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлемiнiң есебiне төлейтін шикi мұнай көлемiн сатуы кезiнде "Мұнай-Импекс" ЭИФ" ЖШС үшiн мұнай тасымалдауға арналған iшкi тарифтердi қолданатын болсын.";

2) "Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушілерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 наурыздағы N 412 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 16, 159-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне жанар-жағармай сатудың ережелерiне:
1, 7-тармақтардағы "көктемгi дала" деген сөздерден кейiн "және егiн жинау" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі Мұнай және газ өнеркәсiбi бас диспетчерлiк басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - БДБ) мен" деген сөздер алынып тасталсын;
8 және 9-тармақтардағы "БДБ" сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне
жанар-жағармай сатудың бағасын айқындауға арналған ведомствоаралық
комиссия туралы ережеде:
1-тармағындағы "көктемгi дала" деген сөздерден кейiн "және егiн
жинау" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
бекiтетiн жанар-жағармай материалдарының жоғарғы лимиттерi көлемдерiн
келiсу.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне
жанар-жағармай материалдарын сатудың бағаларын айқындауға арналған
Ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Шырдабаев - Қазақстан Республикасы Энергетика,
Жексен Мағауияұлы индустрия және сауда министрлiгi
Мұнай және газ департаментiнiң
директоры
Қасымов Борис - "Қазагро" Қазақстан республикалық
Ибрагимұлы фермерлер қауымдастығының
президентi;
көрсетiлген құрамнан Айдар Сағадатұлы Демеуов шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.