Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О решении акима области «О пособиях на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому» от 4 февраля 2000 года № 345

Өзге акт · № 37-II · қабылданған 02.03.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2000-no-345/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О решении акима области «О пособиях на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому» от 4 февраля 2000 года № 345 Қолданыста 02.03.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О решении акима области «О пособиях на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому» от 4 февраля 2000 года № 345

Қолданыста Өзге акт № 37-II 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О решении акима области «О пособиях на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому» от 4 февраля 2000 года № 345
Атауы (қаз.)
Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы туралы облыс Әкімінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 345 шешімі туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
37-II
Қабылданған күні
02.03.2000
Көрсетілген редакция
02.03.2000 5834_258078.kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00T0000170
ЭКБ идентификаторы
5834
Редакция идентификаторы
5834_258078
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:37
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы туралы облыс Әкімінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 345 шешімі туралы

Облыстық мәслихаттың III сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
«Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы туралы» облыс әкімінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 345 шешімі бекітілсін (жалғанды).

1 Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы туралы.

Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» заңы мен Қазақстан Үкіметінің 1999 жылғы 22 шілдедегі № 1036 «Әлеуметтік әдістік жәрдем берудің уақытша ережесін бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Мүгедек балаларды үйінде тәрбиелеуге және оқытуға берілетін жәрдемақы 2000 жылы айына 1740 теңге мөлшерінде тағайындалып, ай сайын өткен ай үшін облыстық бюджет қаржысы есебінен төленіп отырылсын.

2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Қайрешев С.М.) үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалардың жәрдемақысын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 наурыздағы № 382 және 1998 жылғы 7 сәуірдегі 292 қаулыларына сәйкес тағайындап төлеуді жүзеге асырсын.

3. Облыстық қаржы басқармасы (Әбдіқадырова А.Н.) үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалардың жәрдемақысын облыстық бюджетте 2000 жылға осы мақсатқа қаралған қаржылар шегінде уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынылсын.

5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Т.К.Мұрсалиеваға жүктелсін.

6. Осы шешім 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.