О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан от 4 ноября 2002 года № 188 "Об утверждении Правил аттестации и регистрации патентных поверенных Республики Казахстан", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за № 2040
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан от 4 ноября 2002 года № 188 "Об утверждении Правил аттестации и регистрации патентных поверенных Республики Казахстан", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за № 2040
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 қарашада N 2040 тіркелген "Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдерді тіркеу және аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2002 жылғы 4 қарашадағы N 188 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7-п
- Қабылданған күні
- 12.02.2004
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2010 AI18618_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002707_
- ЭКБ идентификаторы
- 18618
- Редакция идентификаторы
- AI18618_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:29
0
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 қарашада N 2040 тіркелген "Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдерді тіркеу және аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2002 жылғы 4 қарашадағы N 188 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
"Патент заң ", "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы", "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы", "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 қарашада N 2040 тіркелген "Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдерді тіркеу және аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2002 жылғы 4 қарашадағы N 188 бұйрығына (Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2003 жылғы N 2 жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы патенттік сенімді өкілдерді аттестаттау және тіркеу ережесінде:
59-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) осы Ереженің 62-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды анықтау мақсатында.";
60-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Патенттік сенімді өкілдің осы Ереженің 59-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша тоқтатылған қызметі осы Ереженің 62-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көзделген жағдайлар анықталғаннан кейін қайта басталуы мүмкін.".