Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2003 года N 661

Қаулы · № 1397 · қабылданған 29.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2003-n-661/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2003 года N 661 Күшін жойған Қаулы ·№ 1397 ·29.12.2007
02.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2003 года N 661

Күшін жойған Қаулы ·№ 1397 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2003 года N 661
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі N 661 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1397
Қабылданған күні
29.12.2007
Көрсетілген редакция
02.10.2013 AI36683_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001397_
ЭКБ идентификаторы
36683
Редакция идентификаторы
AI36683_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:18

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі N 661 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі N 661 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 28, 272-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесінде:
10-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не мұра мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі ұсынылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті почта байланысы құралдары арқылы жіберген кезде осы Ереженің 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолы нотариалды куәландырылады (нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген кезде).";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Сенім білдірілген адам зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш берген жағдайда, сенім білдірілген адам осы Ереженің 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және шолу үшін оның түпнұсқасын;
2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымдардағы мүддесін білдіруі жөніндегі өкілеттіктер қамтылған болса) ұсынады.
Сенім білдірілген адамның салымшының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы жинақтаушы зейнетақы қорына өтінішін беруі сенім білдірілген адам жеке өтініш жасаған кезде жүзеге асырылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Кесте бойынша зейнетақы жинақтарын алушы жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және шолу үшін түпнұсқаны;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты;
4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - Орталық) төлемдер тағайындау негіздемесі көрсетілген зейнетақы мен жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесін және шолу үшін түпнұсқасын ұсынады.
Зейнетақы жинақтарын алушы 58 жасқа толған әйелдер мен 63 жасқа толған еркектер болып табылған жағдайда, Орталықтан зейнетақы куәлігі ұсынылмайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдерін почта байланысы құралдары немесе сенім білдірілген адам арқылы жүзеге асыруға өтініш берілген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі нотариалды куәландырылады.
Алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті сенім білдірілген адам арқылы жіберген жағдайда, сенім білдірілген адам сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорына сенімхаттың түпнұсқасын, өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен шолу үшін соңғысының түпнұсқасын ұсынады.";
2) Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесіне қосымшада:
"Өтініш қабылдап алды_______ж. "__"_______" деген жолдағы "ТАӘ" деген аббревиатура "тегі, аты, болса - әкесінің аты" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде:
2-тармақта:
1) тармақшадағы "он екі еселенген" деген сөздер "отыз еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "жүз" деген сөз "екі жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"жүз" және "он екі еселенген" деген сөздер тиісінше "екі жүз елу" және "отыз еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер төлемнен кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгі зейнетақының айлық мөлшерінен кем соманы құраған жағдайда, бұл қалдық төлем сомасымен бірге төленеді.";
4) Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

3 Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшерін есептеуге арналған кесте

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1397 қаулысына
қосымша
Кесте бойынша зейнетақы
төлемдерінің мөлшерін есептеуді
жүзеге асыру әдістемесіне
қосымша
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшерін есептеуге арналған кесте
Жа­сы
Алып қою
ко­эф­фи­ци­ен­ті
18
0,07917
19
0,07922
20
0,07926
21
0,07931
22
0,07937
23
0,07942
24
0,07949
25
0,07956
26
0,07963
27
0,7972
28
0,07981
29
0,07990
30
0,08001
31
0,08013
32
0,08025
33
0,08039
34
0,08054
35
0,08070
36
0,08088
37
0,08107
38
0,08128
39
0,08151
40
0,08176
41
0,08204
42
0,08234
43
0,08267
44
0,08303
45
0,08342
46
0,08385
47
0,08432
48
0,08484
49
0,08541
50
0,08604
51
0,08674
52
0,08750
53
0,08835
54
0,08928
55
0,09032
56
0,09148
57
0,09277
58
0,09421
59
0,09582
60
0,09764
61
0,09969
62
0,10202
63
0,10467
64
0,10771
65
0,11121
66
0,11528
67
0,12005
68
0,12570
69
0,13246
70
0,14067
71
0,15081
72
0,16362
73
0,18024
74
0,20257
75
0,23404
76
0,28152
77
0,36099
78
0,52048
79
1,00000

Қолданыстағы