Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2003 года № 661

Қаулы · № 580 · қабылданған 11.06.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2003-no-661-ekb-24348/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2003 года № 661 Күшін жойған Қаулы ·№ 580 ·11.06.2005
02.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2003 года № 661

Күшін жойған Қаулы ·№ 580 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2003 года № 661
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегі N 661 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
580
Қабылданған күні
11.06.2005
Көрсетілген редакция
02.10.2013 AI24348_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000580_
ЭКБ идентификаторы
24348
Редакция идентификаторы
AI24348_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:37

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегі N 661 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы

"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiн және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдістемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 шілдедегi N 661 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 28, 272-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:

1 1) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнде:

2-тармақтағы "9-бабының 1-3-тармақтарында" деген сөздерден кейiн ", 23-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "2) - 4)" деген сандар "2), 4)" деген сандармен ауыстырылсын;
14-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталықтан (бұдан әрi - Орталық) берiлетiн төлемдердiң тағайындалу негіздемесiн көрсете отырып, зейнетақы мен жәрдемақы алушы куәлiгінiң көшiрмесiн ұсынады.
I және II топтағы мүгедектер, егер мүгедектiгі мерзiмсiз белгiленген болса, жоғарыда санамаланған құжаттардан басқа, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлiмi берген мүгедектiк тобын белгiлеу туралы анықтаманың көшiрмесiн және көрсету үшiн оның түпнұсқасын ұсынады.";
көрсетiлген Ережеге қосымшада:
"- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектiгi белгiлене отырып;";

2 2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiнде:

2-тармақтың бiрiншi абзацы "адамдарға" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ, егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектерге" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қолданыстағы