О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2004 года N 1022
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2004 года N 1022
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 720
- Қабылданған күні
- 30.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2009 AI40910_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080000720_
- ЭКБ идентификаторы
- 40910
- Редакция идентификаторы
- AI40910_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:01
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 487-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында:
1. Облыстық әкімдік бөлімінің 22-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы";
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі бөлімінің 24-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы";
2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген үлгі құрылымға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген басқармалардың ұсынылатын құрылымын жіберсін.