Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 4 февраля 2004 года № 1287 "Об утверждении Положения о дипломатическом и приравненном к нему представительстве Республики Казахстан"

Жарлық · № 518 · қабылданған 06.03.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2004-no-1287/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 4 февраля 2004 года № 1287 "Об утверждении Положения о дипломатическом и приравненном к нему представительстве Республики Казахстан" Қолданыста Жарлық ·№ 518 ·06.03.2013
06.03.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 4 февраля 2004 года № 1287 "Об утверждении Положения о дипломатическом и приравненном к нему представительстве Республики Казахстан"

Қолданыста Жарлық ·№ 518 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 4 февраля 2004 года № 1287 "Об утверждении Положения о дипломатическом и приравненном к нему представительстве Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
518
Қабылданған күні
06.03.2013
Көрсетілген редакция
06.03.2013 AI71420_0.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1300000518
ЭКБ идентификаторы
71420
Редакция идентификаторы
AI71420_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:31

0 "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 67-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өкілдік негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін:
1) қазақстандық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (бұдан әрі - мемлекеттік ұйымдар) өкілдіктері (өкілдері) мен филиалдарының, және олардың қызметкерлерінің орналасқан мемлекетіндегі қызметін үйлестіруге;
2) орналасқан мемлекетіндегі мемлекеттік ұйымдардан толық ақпарат беруді және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын қызметті келісуді талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі
орналасқан мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының бас консулдықтарының, консулдықтарының, вице-консулдықтарының, консулдық агенттіктерінің, құрметті консулдықтарының және өзі аккредиттелген мемлекеттерде ашылған Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссияларының қызметіне басшылықты, сондай-ақ орналасқан мемлекетіндегі мемлекеттік ұйымдардың қызметін үйлестіруді және олардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік ұйымдардың басшылары:
1) өзінің қызметін өкілдіктің немесе консулдық мекеменің басшысымен келісуге, өкілдіктің басшысына оның өкілеттіктерін жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге, өзінің қызметі туралы оған ақпарат беруге міндетті;
2) өкілдіктің немесе консулдық мекеменің басшысымен жұмыс
жоспарларын келіседі, сондай-ақ өкілдіктің немесе консулдық мекеменің
басшысымен келісілген мерзімдерде олардың орындалуы туралы есептер
береді.».

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы