О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 4 марта 2005 года N 70-ОД "Об утверждении Правил представления и рассмотрения ходатайств о даче согласия на осуществление субъектами естественных монополий иной деятельности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 4 марта 2005 года N 70-ОД "Об утверждении Правил представления и рассмотрения ходатайств о даче согласия на осуществление субъектами естественных монополий иной деятельности"
- Атауы (қаз.)
- "Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 70-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 89-ОД
- Қабылданған күні
- 30.03.2006
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2013 AI27059_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004184_
- ЭКБ идентификаторы
- 27059
- Редакция идентификаторы
- AI27059_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:40
0 "Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 70-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ереженiң 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 70-НҚ (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінің N 3516 тізілімінде тіркелген "Ресми газетінің" 2005 жылғы 30 сәуірдегі N 18 (227) нөмірінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесінде:
6 тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өтініште көрсетілген өзге қызметті жүзеге асыруға арналған негізгі құралдардың болуы туралы;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) өзінің қызметін бір жылдан кем жүзеге асыратын, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағында көрсетілген Субъектілерді қоспағанда, соңғы аудиторлық тексеру қорытындысының және оған берілген қосымшаның көшірмесі;";
8) тармақшасы алынып алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін табыстары күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін табыстарының бір процентінен аспағанда, уәкілетті органға мынадай құжаттар мен ақпаратты (мәліметті):
1) қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиісті өтінішке берілген анықтама-негіздеме;
2) жоспарланып отырған өзге қызметтен алынатын болжамды табыстар мен шығыстар туралы мәліметтер;
3) табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін табыстар күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін табыстарының бір процентінен аспайтынын растайтын өткен жыл ішіндегі белгіленген нысандағы бухгалтерлік теңгерімнің және табыстар мен шығыстар туралы есептің көшірмесін;
4) өзінің қызметін кемінде бір жыл жүзеге асыратын, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағында көрсетілген Субъектілерді қоспағанда соңғы аудиторлық тексерудің қорытындысының және оған берілген қосымшаның көшірмесін ұсынады.".