О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 4 марта 2005 года № 74 "Об утверждении Инструкции по применению органами юстиции Правил документирования и регистрации населения Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 4 марта 2005 года № 74 "Об утверждении Инструкции по применению органами юстиции Правил документирования и регистрации населения Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45
- Қабылданған күні
- 09.02.2007
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2010 AI32190_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004557_
- ЭКБ идентификаторы
- 32190
- Редакция идентификаторы
- AI32190_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:06
0 "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Әділет органдарының Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мәселелері жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3513 болып тіркелген, 2005 жылғы 22 шілдедегі "Заң" газетінің N 68 (693) жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3683 болып тіркелген, 2005 жылғы 27 шілдедегі "Заң" газетінің N 71 (695) жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 18 маусымдағы N 160 "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығымен және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4322 болып тіркелген, 2006 жылғы 22 қыркүйектегі "Заң" газетінің N 170 (976) жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 24 шілдедегі N 199 "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықта:
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтарды тіркеу және тіркеуден шығару ресімінің мерзімі екі жұмыс күнінен аспауы тиіс.".