Құжат мәтініне өту

Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о сотрудничестве в области образования от 4 июля 2006 года

Қаулы · № 747 · қабылданған 26.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2006-ekb-172070/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о сотрудничестве в области образования от 4 июля 2006 года Қолданыста Қаулы ·№ 747 ·26.09.2022
26.09.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о сотрудничестве в области образования от 4 июля 2006 года

Қолданыста Қаулы ·№ 747 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о сотрудничестве в области образования от 4 июля 2006 года
Атауы (қаз.)
2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
747
Қабылданған күні
26.09.2022
Көрсетілген редакция
26.09.2022 172070_593675.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000747
ЭКБ идентификаторы
172070
Редакция идентификаторы
172070_593675
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:48

0 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы

хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 26 мамырда Бішкекте жасалған хаттама бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,
Келісімге мынадай өзгерістер енгізу туралы келісті:
Келісімнің атауындағы және одан әрі бүкіл мәтін бойынша «Қырғыз Республикасының Үкіметі» деген сөздер тиісті септіктер мен септеулердегі «Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті» деген сөздермен ауыстырылсын.

1 1-бап

Келісімнің 3-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан тарапы қырғыз тарапына Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жыл сайын мынадай қағидат бойынша 50 орынға дейін оқытуды ұсынады:
– Қырғыз Республикасының азаматтарына «ақпараттық- коммуникациялық технологиялар», «инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «ауыл шаруашылығы және биоресурстар» – 15 адам (бакалавриат – 10, магистратура – 5), «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» – 5 адам, «үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы (6 жыл оқу) және резидентура (5 жылға дейін оқу)», «педагогикалық ғылымдар», «өнер және гуманитарлық ғылымдар», «әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «бизнес, басқару және құқық» – 10 адам (бакалавриат – 5, магистратура – 5) білім беру салалары бойынша;
– Қырғыз Республикасының азаматтары болып табылатын ұлты қазақ адамдарға «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «педагогикалық ғылымдар», «өнер және гуманитарлық ғылымдар», «әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «бизнес, басқару және құқық» білім беру салалары бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 20 оқу орнына дейін (бакалавриат – 10, магистратура – 10)».
2. Қырғыз тарапы қазақстан тарапына техникалық мамандықтар бойынша – 4 адамды (бакалавриат – 2, магистратура – 2), медициналық мамандықтар бойынша – 3 адамды (специалитет/ординатура – 3), гуманитарлық-экономикалық мамандықтар бойынша – 3 адамды (бакалавриат – 2, магистратура – 1) оқытуды ұсынады.
3. Қазақстан тарапы жыл сайын 30 наурызға дейін қырғыз тарапына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауларын береді.
4. Қырғыз тарапы жыл сайын 30 наурызға дейін қазақстан тарапына жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының атауларын береді.
5. Жіберуші Тарап жыл сайын 30 мамырдан кешіктірмей қабылдаушы Тарапқа оқуға кандидаттардың қажетті құжаттарын ұсынады.
6. Қазақстан тарапы жыл сайын 1 шілдеге дейін қырғыз тарапына кандидаттардың жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдануы туралы растауды жібереді.
7. Қырғыз тарапы жыл сайын 1 шілдеге дейін қазақстан тарапына жоғары кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарына кандидаттардың қабылдануы туралы растауды жібереді.
8. Бакалавриат, магистратура, резидентура, специалитет/ординатура бағдарламалары бойынша оқу мерзімі қабылдаушы Тараптың заңнамасына сәйкес айқындалады.».

2 2-бап

Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Келісімнің 10-бабында белгіленген тәртіппен күшіне енеді және Келісімнің қолданысы тоқтатылуымен бір мезгілде өзінің қолданысын тоқтатады.
2022 жылғы «26» мамырда Бішкек қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде Тараптар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҮКІМЕТІ ҮШІН
ҚЫРҒЫЗ
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІ
ҮШІН

Қолданыстағы