О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 4 августа 2006 года № 191-ОД "Об утверждении Правил утверждения нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии субъектов естественных монополий"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 4 августа 2006 года № 191-ОД "Об утверждении Правил утверждения нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии субъектов естественных монополий"
- Атауы (қаз.)
- "Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы N 191-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 49-ОД
- Қабылданған күні
- 18.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 17.09.2013 AI46210_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005681_
- ЭКБ идентификаторы
- 46210
- Редакция идентификаторы
- AI46210_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:44
0
"Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы N 191-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы N 191-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4379 нөмірінде тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 166 (1146), "Заң газетінде" 2006 жылғы 12 қазандағы N 181 (1161) нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспеде "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесінде:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган";
5-тармақтың 2) және 4) тармақшаларында ", құзыретті органмен келісілген", "құзыретті органмен келісілген" деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Субъект нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының жиынтық кестесін уәкілетті органға екі данада ұсынады.";
9-тармақ алып тасталсын;
13-тармақтың 2) тармақшасындағы " және 9" деген сөздер алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С. Ермақалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1 1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН: КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі Көлік және коммуникация
____________ А. Күрішбаев министрі
2009 жылғы 04 наурыз ___________ Ә. Құсайынов
2009 жылғы 15 сәуір
КЕЛІСІЛГЕН: КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық Ақпараттандыру және байланыс
ресурстар министрі агенттігінің төрағасы
_______________ С. Мыңбаев ______________ К. Есекеев
2009 жылғы 02 сәуір 2009 жылғы 19 наурыз