О внесении дополнения в решение Кокшетауского городского маслихата "Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан" от 4 сентября 2008 года за № С-14/12
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Кокшетауского городского маслихата "Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан" от 4 сентября 2008 года за № С-14/12
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қалалық мәслихатының "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № С-14/12 шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-22/7
- Қабылданған күні
- 30.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 21.04.2010 45523_177695.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BA000102
- ЭКБ идентификаторы
- 45523
- Редакция идентификаторы
- 45523_177695
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:30
0 Көкшетау қалалық мәслихатының "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № С-14/12 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № С-14/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-1-90 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 23 қазанда «Көкшетау» № 44 және 2008 жылғы 23 қазанда «Степной маяк» № 44 газеттерінде жарияланған) шешімінеенгізілген кейінгі өзгерістермен: Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қалалық мәслихатының «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № С-14/12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № С-18/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-1-95 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда «Көкшетау» № 4 және 2009 жылғы 29 қаңтарда «Степной маяк» № 4 газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыру ережесіндегі
4 тараудың 13 тармағының 5) тармақшасына келесі мазмұнда толықтыру енгізілсін:
«5) Чернобыль атом электр станциясында болған апат салдарын жоюға қатысқандарды еске алу күніне орай - 5000 теңге».
2 2. Осы шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Көкшетау қаласының әкімі Б. Сапаров
«Көкшетау қаласының
жұмыспен қамту және
әлеуметтікт бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Қ. Ахметов
«Көкшетау қаласының
қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ө. Ыдырысов
«Көкшетау қаласының
экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А. Омарова