Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2008 года № 93 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по разработке, производству, ремонту, приобретению и реализации боеприпасов, вооружения и военной техники, запасных частей, комплектующих изделий и приборов к ним, а также специальных материалов и оборудования для их производства, включая монтаж, наладку, использование, хранение, ремонт и сервисное обслуживание"

Қаулы · № 718 · қабылданған 31.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2008-no-93/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2008 года № 93 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по разработке, производству, ремонту, приобретению и реализации боеприпасов, вооружения и военной техники, запасных частей, комплектующих изделий и приборов к ним, а также специальных материалов и оборудования для их производства, включая монтаж, наладку, использование, хранение, ремонт и сервисное обслуживание" Күшін жойған Қаулы ·№ 718 ·31.05.2012
29.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2008 года № 93 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по разработке, производству, ремонту, приобретению и реализации боеприпасов, вооружения и военной техники, запасных частей, комплектующих изделий и приборов к ним, а также специальных материалов и оборудования для их производства, включая монтаж, наладку, использование, хранение, ремонт и сервисное обслуживание"

Күшін жойған Қаулы ·№ 718 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2008 года № 93 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по разработке, производству, ремонту, приобретению и реализации боеприпасов, вооружения и военной техники, запасных частей, комплектующих изделий и приборов к ним, а также специальных материалов и оборудования для их производства, включая монтаж, наладку, использование, хранение, ремонт и сервисное обслуживание"
Атауы (қаз.)
"Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 93 қаулысына ө
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
718
Қабылданған күні
31.05.2012
Көрсетілген редакция
29.05.2013 AI65874_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000718
ЭКБ идентификаторы
65874
Редакция идентификаторы
AI65874_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:08

0

"Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 93 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 93 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 51-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;

2 2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;

3

3) көрсетілген қаулымен бекітілген оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 718 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 4 ақпандағы
№ 93 қаулысымен
бекітілген
Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

1

1. Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1 1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім;

2 2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

3 3) қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты әзірлеу және өндіру мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми база;

4 4) мыналарды:

арнайы өндірістік ғимаратты;
жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмді;
әзірленген және өндірілетін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды қамтитын жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған өндірістік-техникалық базасы;

5 5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты;

6 6) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдары, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдары;

7 7) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен келісім;

8 8) ұйымның басшысы бекіткен әзірлеу, өндіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

9 9) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау жөніндегі журнал;

10 10) күзет қызметіне лицензия не оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арнайы жабдықталған қойманы иеленуші мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы келісімнің көшірмесі.

2

2. Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды жөндеу жөніндегі қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1 1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім;

2 2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

3 3) қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты әзірлеу және өндіру мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми база;

4 4) мыналарды:

арнайы өндірістік ғимаратты;
жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмді;
жөндеу жүргізілгеннен кейін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды қамтитын жеке меншік құқығындағы қоршалған, оқшауланған өндірістік-техникалық базасы;

5 5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты;

6 6) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдары, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдары;

7 7) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен келісім;

8 8) ұйымның басшысы бекіткен әзірлеу, өндіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

9 9) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау жөніндегі журнал;

10 10) күзет қызметіне лицензия не оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арнайы жабдықталған қойманы иеленуші мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы келісім.

3

3. Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткiзу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1 1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім;

2 2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың;

3 3) жеке меншік құқығындағы оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын сақтауға арналған, қоршалған, оқшауланған, арнайы жабдықталған қойма;

4 4) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен келісім;

5 5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты;

6

6) оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, модернизациялауды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды есепке алу және сақтау жөніндегі журнал;

7 7) күзет қызметіне лицензия не оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арнайы жабдықталған қойманы иеленуші мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы келісім.

Қолданыстағы