О внесении изменений в решение акима Аккольского сельского округа от 4 августа 2009 года № 2 «О присвоении наименований улицам села Казахстан, села Ивановка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Аккольского сельского округа от 4 августа 2009 года № 2 «О присвоении наименований улицам села Казахстан, села Ивановка»
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 4 тамыздағы № 2 «Қазақстан, Ивановка селоларының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 27.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2017 112591_189704.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BNC05965
- ЭКБ идентификаторы
- 112591
- Редакция идентификаторы
- 112591_189704
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:14
0 Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 4 тамыздағы № 2 «Қазақстан, Ивановка селоларының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақкөл ауылдық округі әкімінің «Қазақстан, Ивановка селоларының көшелеріне атаулар беру туралы» 2009 жылғы 4 тамыздағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-107 болып тіркелген, «Бірлік-Единство» газетінде 2009 жылдың 18 қыркүйегінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан ауылының, Ивановка ауылының көшелеріне атаулар беру туралы»;
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан ауылы және Ивановка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
шешімнің қазақ тіліндегі бүкіл мәтін бойынша «селосы», «селосының» сөздері «ауылы», «ауылының» сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданының
«Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________ А. Балтағарин
2017 жылғы «27» 04
Зеренді ауданының
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________ Е. Шәкіржанов
2017 жылғы «27» 04