Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2009 года № 2016

Қаулы · № 1019 · қабылданған 04.10.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2009-no-2016-ekb-54717/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2009 года № 2016 Күшін жойған Қаулы ·№ 1019 ·04.10.2010
29.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2009 года № 2016

Күшін жойған Қаулы ·№ 1019 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2009 года № 2016
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1019
Қабылданған күні
04.10.2010
Көрсетілген редакция
29.10.2015 AI54717_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100001019_
ЭКБ идентификаторы
54717
Редакция идентификаторы
AI54717_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:14

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 491-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтарды шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу Қазақстан Республикасында қолданылмайтын емдеудің жоғары технологиялық әдістерін талап ететін мынадай аурулар болған кезде жүзеге асырылады: эндоваскулярлық емдеу үшін жұлынның артерия-веналық мальформациялары; радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) талап ететін мидың хирургиялық қолжетімсіз және функциялық елеулі аумағындағы артерия-веналық мальформациялары мен ісіктер; туа біткен жүрек кемістігі мен жүре пайда болған жүрек кемістігінің салдарынан Эйзенменгер синдромы; жүректі транспланттауды талап ететін жүрек функциясының терминалдық кемістігі; бүйректі транспланттауды талап ететін бүйректің созылмалы кемістігі; терминалдық сатысы бауырды транспланттауды талап ететін бауыр аурулары; жұлынды транспланттауды талап ететін қан өндіру жүйесінің аурулары; өңеш стеноздары; трахея стеноздары.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Комиссия, егер науқас 18 жасқа дейінгі бала, жүкті әйел болып табылса, сондай-ақ ағзаларды транспланттау кезінде туыстық донор болса, науқасты шетелге емделуге жіберудің басымдығын қарайды.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы