Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2009 года № 2016 "Об утверждении Правил направления граждан Республики Казахстан на лечение за рубеж за счет бюджетных средств"

Қаулы · № 1723 · қабылданған 28.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2009-no-2016/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2009 года № 2016 "Об утверждении Правил направления граждан Республики Казахстан на лечение за рубеж за счет бюджетных средств" Күшін жойған Қаулы ·№ 1723 ·28.12.2012
29.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2009 года № 2016 "Об утверждении Правил направления граждан Республики Казахстан на лечение за рубеж за счет бюджетных средств"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1723 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2009 года № 2016 "Об утверждении Правил направления граждан Республики Казахстан на лечение за рубеж за счет бюджетных средств"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1723
Қабылданған күні
28.12.2012
Көрсетілген редакция
29.10.2015 AI69814_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001723
ЭКБ идентификаторы
69814
Редакция идентификаторы
AI69814_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:06

0 "Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 491-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Денсаулық сақтау басқармасы пациенттің медициналық құжаттарын жұмыс органына қолма-қол немесе интернет-байланысы арқылы оларды тіркеген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жеткізеді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Комиссияның пациентті кезектілік немесе басым тәртіппен шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімі Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Басым тәртіппен балалар, жүкті әйелдер, пациенттер аурудың бір бейіні бөлігіндегі қалыптасқан кезектілікке сәйкес туыстық донор болған жағдайда ағзаларды, тіндерді транспланттау жүргізуді қажет ететін пациенттер, сондай-ақ денсаулық жағдайы өміріне қауіп төндіретін пациентер жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 19 және 20-тармақтармен толықтырылсын:
«19. Шетелдік клиникаларға емделуге өз бетінше шыққан пациенттердің материалдарын Комиссия қарамайды және шығыстары төлеуге жатпайды.
20. Шетелдік медицина ұйымдарының қызметіне ақы төлеу Уәкілетті орган мен шетелдік медицина ұйымдарының арасындағы жеке шарттың негізінде жүзеге асырылады. Шарт емдеу әдістеріне және ұзақтығына қарай ұзақ мерзімді сипатқа ие болуы және емдеуге кезең-кезеңімен ақы төлеуді көздеу мүмкін.
Емдеуге кезең-кезеңімен ақы төлеу пациентті шетелдік медицина ұйымына ағзалар мен тіндерді транспланттауға жіберген жағдайда көзделеді. Бұл ретте емдеудің бірінші кезеңі шетелдік медицина ұйымында донорды таңдау, сондай-ақ тікелей донорды іздестіру үшін пациентті қажетті зерттеулер жүргізуді көздейді. Донорды таңдаған жағдайда пациент емдеудің екінші кезеңіне - ағзалар мен тіндерді транспланттауға жіберіледі. Пациенттің бірінші және екінші кезеңдегі, сондай-ақ алып жүретін адамның жол жүруіне ақы төлеуді Комиссияның шешімі бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады. Ағзалар мен тіндерді транспланттау кезінде емдеудің әрбір кезеңіне Уәкілетті орган шетелдік медицина ұйымымен жеке шарт жасасады.
Уәкілетті орган атқарылған жұмыстардың аралық актілері бойынша шетелдік клиникаға ай сайын ақы төлеуді жүргізеді. Шетелдік медицина ұйымында пациентті емдеуге түпкілікті төлем атқарылған жұмыстардың қорытынды актісі бойынша жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган шетелдік медицина ұйымына пациентті шетелде емдеу бойынша шарттың жалпы сомасынан 70%-ға дейінгі мөлшерде аванс төлейді, одан басқа атқарылған жұмыстардың аралық актілері бойынша шетелдік медицина ұйымына бұрын төленген авансты ұстап қалу шартымен ай сайынғы төлемді жүргізеді. Шарттың жалпы сомасынан 10%-дан кем емес мөлшердегі түпкілікті төлем шетелдік медицина ұйымы атқарылған жұмыстардың қорытынды актісін ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы