О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 4 декабря 2009 года № С-30/11 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Кокшетау"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 4 декабря 2009 года № С-30/11 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Кокшетау"
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 "Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-44/11
- Қабылданған күні
- 11.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2013 57883_177192.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BA000141
- ЭКБ идентификаторы
- 57883
- Редакция идентификаторы
- 57883_177192
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:55
0 Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 "Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-113 болып 2009 жылдың 15 желтоқсанында тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсанда № 51 «Көкшетау» газетінде және 2009 жылғы 24 желтоқсанда № 51 «Степной маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 1 тармақшасындағы 2 азат жолы алынып тасталсын;
1 тармақтың 2 тармақшасының 2 азат жолы жаңа редакциясымен баяндалсын:
«отбасының жан басына шаққандағы орташа жиынтық табысы он жеті айлық есептік көрсеткіштен аспайтын денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға – жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»;
1 тармақтың 2 тармақшасының 6 азат жолы жаңа редакциясымен баяндалсын:
«отбасының жан басына шаққандағы орташа жиынтық табысы он жеті айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнеткерлерге Ақмола облысының аумағында ақысыз баламасы жоқ, ақылы операция жасау үшін – жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын осы операция құнының мөлшерінде».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Көкшетау қаласының әкімі М.Батырханов
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Ахметов
«Көкшетау қаласының қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ө.Ыдырысов
«Көкшетау қаласының экономика
және бюджетті жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Омарова