О внесении дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 сентября 2009 года № 446 "Об утверждении Перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения для бесплатного и льготного обеспечения населения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи на амбулаторном уровне"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 сентября 2009 года № 446 "Об утверждении Перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения для бесплатного и льготного обеспечения населения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи на амбулаторном уровне"
- Атауы (қаз.)
- «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 361
- Қабылданған күні
- 20.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2012 AI53229_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006291_
- ЭКБ идентификаторы
- 53229
- Редакция идентификаторы
- AI53229_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:08
0
«Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 88-бабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 21 қыркүйекте № 5799 тіркелген, 2009 жылы 16 қазанда "Заң газетінде" № 158 (1581) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
1,0 өтеу коэффициентімен, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) және мамандандырылған емдік-өнімдерімен амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесінде:
«Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ағымдағы нысаналы
трансферттер түрінде (субвенциялар)» деген 1-тарау мынадай мазмұндағы
жаңа жолмен толықтырылсын:
Барлық санаттар
Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғандағы онкологиялық аурулар
Цитарабин, лиофилизат/инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилденген ұнтақ 100мг
Психикалық аурулар
Амисульприд, 100 мг, 200 мг таблетка, қабықшамен қапталған таблетка 400 мг
Рисперидон, 1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг таблетка; ішке қолдану үшін ерітінді 1 мг/мл, 30 мл 1 мг/мл