О признании утратившим силу приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 4 декабря 2009 года № 491 "Об утверждении Инструкции по осуществлению транзакционных сервисов "электронного правительства" Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 4 декабря 2009 года № 491 "Об утверждении Инструкции по осуществлению транзакционных сервисов "электронного правительства" Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы "электрондық үкімет" транзакциялық сервистерін жүзеге асыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 491 бұйрықтың күшін жою туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 87
- Қабылданған күні
- 12.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2016 106369_113560.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16SI000087
- ЭКБ идентификаторы
- 106369
- Редакция идентификаторы
- 106369_113560
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:04
0 «Қазақстан Республикасы «электрондық үкімет» транзакциялық сервистерін жүзеге асыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы
4 желтоқсандағы № 491 бұйрықтың күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы «электрондық үкімет» транзакциялық сервистерін жүзеге асыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 491 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5982 тіркелген және 2010 жылғы № 8 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті (А.Н. Хатиев):
1 1) бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
2 2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
_____________ Д. Ақышев
2016 жылғы 24 тамыз