О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 4 июня 2009 года № А-6/244 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности, имеющих право на повышенные двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки из средств областного бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 4 июня 2009 года № А-6/244 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в аульной (сельской) местности, имеющих право на повышенные двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки из средств областного бюджета"
- Атауы (қаз.)
- "Облыстық бюджеттің қаражатынан лауазымдық жалақыларын және тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- A-8/328
- Қабылданған күні
- 29.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2012 66835_169379.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12B0003434
- ЭКБ идентификаторы
- 66835
- Редакция идентификаторы
- 66835_169379
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:53
0
"Облыстық бюджеттің қаражатынан лауазымдық жалақыларын және тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 бабына сәйкес, Ақмола облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Облыстық бюджеттің қаражатынан лауазымдық жалақыларын және тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3323 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 шілдеде «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы»;
1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі».