О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 4 июня 2009 года № А-6/244 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 4 июня 2009 года № А-6/244 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности"
- Атауы (қаз.)
- "Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- A-9/484
- Қабылданған күні
- 02.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2014 AI83869_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14B0004416
- ЭКБ идентификаторы
- 83869
- Редакция идентификаторы
- AI83869_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:24
0 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 бабындағы 2) тармағына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3323 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2009 жылғы 11 шілдеде жарияланған):
қаулының атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы»;
1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.»;
қосымшаның атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі».