О внесении изменения в постановление акимата области от 4 октября 2010 года № 280 "Об оказании социальной помощи в связи с рождением четвертого (и более) ребенка"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата области от 4 октября 2010 года № 280 "Об оказании социальной помощи в связи с рождением четвертого (и более) ребенка"
- Атауы (қаз.)
- "Төртінші (және одан кейінгі) баланың тууына байланысты әлеуметтік көмек көрсету туралы" облыс әкімдігінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 280 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 345
- Қабылданған күні
- 07.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2013 61706_176812.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11S0001786
- ЭКБ идентификаторы
- 61706
- Редакция идентификаторы
- 61706_176812
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:16
0 "Төртінші (және одан кейінгі) баланың тууына байланысты әлеуметтік көмек көрсету туралы" облыс әкімдігінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 280 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21 және 43-1-баптарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Төртінші (және одан кейінгі) баланың тууына байланысты әлеуметтік көмек көрсету туралы» облыс әкімдігінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 280 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 5 қазанда № 1755 тіркелді, 2010 жылғы 9 қазандағы № 121 «Солтүстік Қазақстан», 2010 жылғы 9 қазандағы № 123 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабы 1 тармағы 17) тармақшасына сәйкес және «2010-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында бала тууға ынталандыру жөніндегі «Ұрпақтар қоры» Бағдарламасы туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 27/3 шешімі негізінде, облыста демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»