Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение городского маслихата от 4 июня 2010 года № 33/295 "О размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"

Өзге акт · № 3/35 · қабылданған 24.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2010-no-33295/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в решение городского маслихата от 4 июня 2010 года № 33/295 "О размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)" Күшін жойған Өзге акт ·№ 3/35 ·24.04.2012
12.09.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение городского маслихата от 4 июня 2010 года № 33/295 "О размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3/35 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение городского маслихата от 4 июня 2010 года № 33/295 "О размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"
Атауы (қаз.)
Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 4 маусымдағы № 33/295 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға)тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/35
Қабылданған күні
24.04.2012
Көрсетілген редакция
12.09.2012 65743_177326.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12MA000179
ЭКБ идентификаторы
65743
Редакция идентификаторы
65743_177326
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:23

0 Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 4 маусымдағы № 33/295 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға)тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV «Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі» Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 4 маусымдағы № 33/295 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылы 14 шілдеде № 11-1-137 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 шілдедегі № 124-125 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімніңқосымшасындағы:
кіріспесіндегі«2009 жылғы 28 шілдедегі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің Ережесін бекіту туралы»бұйрығына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес есептеледі»;
18 тармақ алынып тасталсын;
19 тармақтағы «және пошталық байланыс қызметтері» деген сөздер алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннанкейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Г. Хайрлиева
2012 жыл 24 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А. Ким
2012 жыл 24 сәуір

Қолданыстағы