О внесении изменения в постановление акимата города Экибастуза от 4 мая 2010 года № 396/5 "О порядке отбора работодателей предлагающих организацию социальных рабочих мест"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Экибастуза от 4 мая 2010 года № 396/5 "О порядке отбора работодателей предлагающих организацию социальных рабочих мест"
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу төртібі туралы" № 396/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 527/6
- Қабылданған күні
- 01.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2011 AI59735_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11PC000301
- ЭКБ идентификаторы
- 59735
- Редакция идентификаторы
- AI59735_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:04
0 Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу төртібі туралы" № 396/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналыстыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуді ұйымдастыру мақсатында Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-266 болып тіркелген, 2010 жылғы 27 мамырдағы № 22 "Отарқа" және № 20 "Экибастузское обозрение" газеттерінде жарияланған) № 396/5 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының 1-тармағы алынып тасталсын.