Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2010 года № 511 "Об утверждении Правил лицензирования судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан и квалификационных требований, предъявляемых к судебно-экспертной деятельности"

Қаулы · № 1258 · қабылданған 01.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/4-2010-no-511/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2010 года № 511 "Об утверждении Правил лицензирования судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан и квалификационных требований, предъявляемых к судебно-экспертной деятельности" Күшін жойған Қаулы ·№ 1258 ·01.11.2011
16.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2010 года № 511 "Об утверждении Правил лицензирования судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан и квалификационных требований, предъявляемых к судебно-экспертной деятельности"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1258 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2010 года № 511 "Об утверждении Правил лицензирования судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан и квалификационных требований, предъявляемых к судебно-экспертной деятельности"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1258
Қабылданған күні
01.11.2011
Көрсетілген редакция
16.11.2012 AI61080_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001258
ЭКБ идентификаторы
61080
Редакция идентификаторы
AI61080_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:19

0 "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 296-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

3 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1258 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 4 маусымдағы
№ 511 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласында сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға өтініш берген жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) жоғары білімінің болуы;

2

2) мынадай пәндерден: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасының, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі ережелері; криминалистика; сот сараптамасының құқықтық, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері; сот сараптамасы қызметін ақпараттандыру негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы;

3 3) кемінде бес жыл сот-сарапшылық жұмыс стажының болуы;

4 4) «Сот сараптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы № 1414 қаулысымен бекітілген сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтардың болуы;

5 5) наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрғаны туралы мәліметтердің болмауы;

6 6) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы болып табылады.

Қолданыстағы